ЕҚДБ Star Venture стартаптар үшін бағдарламасына қабылдау туралы хабарлайды

Star Venture бағдарламасы өсу әлеуеті жоғары инновациялық стартаптарды анықтайды, ал бұл жолда ЕҚДБ өзінің көп жылғы жұмыс тәжірибесі мен жаһандық сараптамаға сүйене отырып, бағдарламаның өсуін жеделдетуге көмектеседі.

ЕҚДБ осы бағдарлама бойынша жұмысқа ниет білдірушілерді сұраныс беруге шақырады. Ол үшін 2022 жылдың 17 қазанына дейін https://airtable.com/shrr7pCZ9cZt3E6Jq сілтемесі бойынша сауалнама формасын толтыру қажет

Бағдарлама мыналарды ұсынады:

  • Тәлімгерлерге қол жеткізу. ЕҚДБ табысты стартаптарды құрған және сатқан (Notejoy, Scribd), инвесторлармен қатар жұмыс істеген (Jansen Horowitz, Shark Tank), көптеген стартаптарды жеделдетуге қатысқан (Y-Combinator, Google Launchpad) сияқты тәжірибелі халықаралық сарапшылармен ынтымақтасады. Тәлімгерлер таңдалған жобалар үшін өсу кедергілерін анықтауға және жеңуге көмектеседі.
  • Инвесторларға қол жеткізу. ЕҚДБ жаңа нарықтар мен жаңа жобаларға қызығушылық танытатын инвесторларды (оның ішінде институционалдық инвесторлар мен бизнес-періштелерді)  біледі және олар мен стартаптар арасында дәнекер ретінде әрекет етеді.
  • Нарыққа қол жеткізу. ЕҚДБ 38 елде жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда дамыған серіктеc ұйымдар желісі (акселераторлар, қорлар, даму институттары) Солтүстік Африка, Оңтүстік және Шығыс Еуропа елдері, Түркия сияқты аймақтарда жұмыс істеуге мүдделі компанияларды жұмсақ десантпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Егер сіздің компанияңыздың инновациялық идеясы және ұзақ мерзімді перспективасы болса, болашақта әлемдік нарыққа шыққыңыз келсе, Star Venture сізге мақсатыңызға жету жолында бағыт береді! 2018 жылдан бері Бағдарлама 15 елде 450-ден астам стартапқа қолдау көрсетті. Соңғы үш жылда 80-нен астам стартап 300 миллион доллардан астам инвестиция тартты.

Бағдарлама, қолдау құралдары және жарамдылық критерийлері туралы толық ақпаратты https://www.ebrd.com/starventure/overview сайтынан табуға болады. Қосымша сұрақтар бойынша birimzhs@ebrd.com хабарласыңыз.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін