Astana Hub-тың стартаптар үшін қандай пайдасы бар?

Сонымен, Орталық Азиядағы ең ірі технопарк – Astana Hub-те IT-компанияңызды дамыту үшін қандай артықшылықтарға қол жеткізе аласыз?

1. Салықтық жеңілдіктер. Мүшелер корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын және қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

2. Жеңілдетілген визалық режим. Astana Hub технопарктегі шетелдік қатысушылар мен резидент еместер жұмыс істейтін компаниялар үшін жеңілдетілген виза мен бес жыл мерзімге жұмыс визасын алуға мүмкіндік береді.

3. Байланыстардың кең ауқымы. Технопарк қоғамдастығына қауымдастық чаттары және бір кеңістікте жұмыс істеудің арқасында үнемі идеялармен, жобалармен және т.б. алмасу мүмкіндігі бар 500-ден астам компания кіреді. Astana Hub-та компаниялар орасан зор тәжірибе жинайды және көптеген ынталы пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасайды.

4. Тренинг. Технопаркте жас компаниялар мен мамандарға арналған көптеген тегін қолдау бағдарламалары бар, оларға IT саласында дамытқысы келетіндердің барлығы қатыса алады.
Astana hub – оның барлық қатысушылары өздерінің жарқын болашағына сенімді болатын жер. Өйткені, біз әркім дұрыс таңдау жасауды үйренуі керек заманауи әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтанда қазірден бастап дұрыс таңдау жасаңыз, Astana Hub таңдаңыз және арманыңызға бір қадамға болсын жақындаңыз!

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін