Бүгін «Зерде» холдингі» АҚ трансформациясы» тақырыбы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз-конференция өтті
Astana Hub - бұл IT-стартаптардың халықаралық технопаркі. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін барлық жағдай жасалады.
Технопарк ІТ-кәсіпкерлердің сыни массасын қалыптастыру тәсілін өзгертеді. Astana Hub-тың қазіргі стратегиясы әлеуетті аудиторияның адами капиталы мен цифрлық дағдыларын дамыту және осылайша экожүйе негізін қалау бағытында өзгеруде. Мысалы, егер бұған дейін Astana Hub қалыптасқан стартап-жобалар үшін тек екі іскерлік инкубация және акселерация бағдарламасына 500-ге жуық адам қатысқан болса, қазір технопарк жобалар үшін ғана емес, адамдар үшін бірнеше жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосты: Beta Career, No code, Startup School. Мысалы, Beta Career кәсіби дағдыларды дамыту бағдарламасының түлегі Ақжол Медербеков Сан-Францисконың стартап компаниясының business development manager позициясына қашықтан жұмысқа орналасты.
Бүгінгі таңда Astana Hub — тың басты мақсаты-технологиялық өнімдеріміздің экспорттық әлеуетін дамыту және осы бағытта 2025 жылға қарай 500$ млн көрсеткішке қол жеткізу.
Цифрлық astanahub.com технопаркі - бұл Қазақстанның IT-саласының барлық қатысушыларының online-құралдары мен коммуникацияларының бірыңғай платформасы. Ол оқушылар, фрилансерлер, стартаперлер, IT-компаниялар, инвесторлар, корпорациялар және мемлекеттік органдары кіретін кең мақсатты аудиторияға есептелген. Олардың әрқайсысы өз мәселелерінің шешімін табады: бірінші тапсырысты алудан бастап инвестицияларды тартуға дейін. Платформаның экожүйесінде-іс-шаралар, қызметтер, жаңалықтар, блог, бос жұмыс орындары, IT-бастамалары бар. Сонымен қатар, кез келген білім беру немесе бизнес бағдарламасына тіркелуге, өтінімді қашықтықтан беруге, ал қатысушыға үйден шықпай-ақ есеп тапсыруға болады.
Анықтамалық:
3 жыл ішінде технопаркте 10 000-нан астам адам оқып, 6 138 жұмыс орны ашылды. Инкубация бағдарламасынан 210 жоба өтті, ал 9 акселерация легі аясында 229 стартап шығарылды. Қазіргі кезде стартаптар 34,5 млрд теңге тартты. Хабқа қатысқан компаниялардың жалпы табысы 98,9 млрд теңгені құрайды.
Эфирдың толық нұсқасын сілтеме бойынша көрүге болады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін