Іс-шаралар

“Іс жүзінде дәнекерлеу. Электрондық компоненттерді тақтаға орнату” тақырыбындағы воркшоп

event-thumbnail

Сіздерді BeInTech R&D зертханасынан тегін воркшопқа қатысуға шақырамыз!

Спикер ретінде R&D Tastamat жобасының электр инженері Аманжолов Нагым сөз сөйлейтін болады.

Tastamat - бұл мобильді қосымшасы бар ақылды жеткізу терминалдары, қазіргі кезде AliExpress, flip.kz, TECHNODOM сияқты ірі серіктестерден  200-ден астам терминалдар арұылы жеткізу қызметін іске асырады.

Воркшоп барысында электронды компоненттерді дәнекерлеу әдістері, электронды компоненттердің түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері сияқты тақырыптар талқыланатын болады.

Сондай-ақ, практика жүзінде электронды пештің және дәнекерлеу үтігінің көмегімен платаға электронды компоненттерді орнату процесінің куәсы бола аласыз.

  • Іс-шара түрі

    Воркшоп

  • Формат

    Онлайн

  • Басталу күні

    Ақп. 26, 2021 14:00

  • Аяқталу күні

    Ақп. 26, 2021 15:00