ESCAP UN конференциясы аясында бірқатар ел делегаттары Astana Hub-қа келді
Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы аясында бірқатар елдердің делегаттары Astana Hub халықаралық технопаркіне келді. Олардың арасында Моңғолия, Бутан, Лаос, Кирибати, Тувалу, Иран, Тәжікстан, Фиджи және Армения өкілдері, атап айтқанда министрлер мен IT-парк қызметкерлері болды.