Постты
Іс-шараны
Вакансияны
Технологиялық тапсырманы
Инфрақұрылымды
Бастаманы
Цифрлық ғылыми порталдағы бірыңғай цифрлық ғылыми-техникалық база
Astana Hub
Ana tili газетіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің даму перспективаларына тоқталды.
Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Олжас Бектенов Президент Ana tili газетіне берген бағдарламалық сұхбатында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті.
Astana Hub-та тіркелген 1,5 мың IT-компанияның 150-і жасанды интеллект саласында жұмыс істеп жатыр, деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.
Бес жыл ішінде Қазақстанда 1 миллион азаматты жасанды интеллектке үйрету жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің көшпелі отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
Қазақстанда Astana Hub бастамасымен AI Quest 2.0 білім беру жобасы қарқынды түрде өтіп жатыр. Мұнда еліміздің барлық өңірін қамтитын қатысушылар жасанды интеллект (ЖИ) негіздерін меңгеріп, басты жүлде — iPhone 15 үшін жарысқа түсті. Әр аймаққа бір жүлде, яғни 20 смартфон ұтысқа тігілді. Квест 2025 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстырды.
Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың үшінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Оқу 18 жасқа толған барлық ниет білдірушіге қолжетімді.
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ҚР Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жасанды интеллект бағытындағы акселерациялық бағдарламаны іске қосты.
15 жыл бұрын қазақстандық талантты әзірлеушілерге Google-ға жұмысқа орналасу арман болатын. Бүгінде олардың межесі мүлдем басқа – келесі Google-ды құру.
Atameken Business арнасындағы «Кейіпкерлер» бағдарламасының «Стартаптар мен компанияларды қолдау бойынша арнайы аймақтар құру» шығарылымында Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова ұйымның негізгі жетістіктері мен жоспарлары туралы айтты.
Hub Talks подкастының жаңа шығарылымы шықты, оған Higgsfield AI және ÕZEN стартаптарының негізін қалаушылар қатысты. Мұнда жасанды интеллектінің өнер тудыру мүмкіндіктері мен шығармашылық мамандық болашағы талқыланады.
Компанияларға да, қарапайым адамдарға да ауыр өнеркәсіптік жабдықтар қажет кездер болады. Мысалы, жаңа үйдің іргетасын қалауға, шұңқыр қазуға, көпқабатты үй тұрғызуға, жүк тасымалдауға, ескі сарайды бұзуға, құрылыс қалдықтарын шығаруға. Мұндайда экскаватор, жүк тиегіш, бульдозер мен кран сияқты ауыр машиналарсыз қиын. Дегенмен жоғары білікті оператор болса да, дұрыс жабдықты жылдам табу өте қиынға соғуы мүмкін. Адамдар интернеттен іздейді, жарнамаларды көреді, бірақ жұмыс сапалы және уақытында аяқталатынына кепіл жоқ. TapQan платформасы нарықтағы осы мәселені шешуге арналған. TapQan стартабының негізін қалаушы Бейбарыс Дүйсен Er10.media сайтына Қазақстанда арнайы техника нарығын қалай дамытатынын және клиенттерге арнайы жабдықты таңдауға ЖИ қалай көмектесетінін айтып берді.
Astana Hub халықаралық технопаркі Қазақстанда жасанды интеллектіні (ЖИ) дамытуға бағытталған AI Movement ауқымды бастамасының іске қосылуын жариялайды. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырма аясында жүзеге асырылуда.
Blockchain & AI Technology Center (BAITC) және Astana Hub ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен 30 қыркүйек пен 27 қазан аралығында өтетін жасанды интеллект (ЖИ) бойынша тегін білім беру курсын іске қосады. Бұл курс дайындық деңгейіне қарамастан баршаға арналған және қатысушыларға ЖИ негіздерін меңгеруге және осы білімді нақты мәселелерді шешуге, жұмыс процестерін жақсартуға арналған. Ол қаржы, денсаулық сақтау, маркетинг және көлік сияқты әртүрлі салаларда тиімділікті арттыруға қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі.
ESCAP UN конференциясы шеңберінде өткен Kazakhstan Tech Solution Day іс-шарасында 01 Edu мен 01 Talent жобаларының тең құрылтайшысы Николя Садирак жасанды интеллект дәуірінде оқыту әдістерін қайта қарау қажетін баяндады. Сондай-ақ Дельфин Кеппенс және ChatGPT-мен бірлесіп жазылған «Жасанды интеллект серфингіне дайындық» атты кітабының тұсауын кесті. Мұнда білім беруде адам мен ЖИ арасындағы тепе-теңдік мәселесі зерттелген.
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Тәжікстанның Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир zypl.ai стартабының Душанбедегі жасанды интеллект (AI) зертханасына барды. Тараптар AI саласындағы тәжік мамандарының жаңа әзірлемелерімен танысты.
Қазақстан мен Өзбекстан жасанды интеллектті дамыту стратегиясын әзірлеу ісінде әріптестік орнатпақ. Бұл туралы BES.media тілшісіне Өзбекстанның цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов айтып берді.
Қазіргі білім беру жүйесінің проблемалары белгілі. Олар кез келген елде шамамен бірдей. Кемшіліктердің тізімі шынымен де үлкен. Негізгі білім әрқашан сапалы бола бермейді, әңгімені осыдан бастайық. Ал жекеменшік мектепте немесе беделді университетте оқуға кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді. Стандартты бағдарламалар көп жағдайда қажетсіз немесе ескірген білімді береді. Мұндай проблемалар «сандықшасына» білікті мұғалімдердің тапшылығын және бос қағазбастылықты, оқу сағаттарының тапшылығын, оқулықтарды әзірлеушілер мен мұғалімдердің кері байланысы жоқ екенін, сыныптардың толып кетуін, ауыл мектептеріндегі проблемаларды және тағы басқаларды қосуға болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Astana Hub халықаралық технопаркі базасында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушыларды оқытуға арналған онлайн білім беру платформасы іске қосылды. Сондай-ақ 300 қазақстандық педагогті жасанды интеллект (AI) пен ойындар әзірлеу (Game Development) бойынша оқытуды көздейтін пилоттық жоба басталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде коммуникация саласын дамыту маңызды бағыттың бірі екеніне тоқталды.
ИИН:
Продолжая, Вы принимаете условия и предложения AstanaHub
Пройдите по ссылке, которую мы отправили Вам на почту , для завершения регистрации
Жүйеге кіру кезінде пайдаланылатын жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Введите новый номер телефона, который будет использоваться при авторизации в системе
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін, сілтеме алатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Біз сізге жіберген сілтеме бойынша өтіңіз
Поздравляем, вы успешно зарегистрированы на платформе astanahub.com
Себебі сіз парольді і реттен артық қате еңгіздіңіз
Кем дегенде 8 таңба
A-Z бас әріптері
Кіші әріптер a-z
Бір Сан
Бір арнайы таңба
Тіркеу аяқталғаннан кейін біз сізді Astana Hub экожүйесіндегі желіге қосылу үшін автоматты түрде «Нетворкинг» бөліміне қосамыз.
«Нетворкинг» бөлімі желіні дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие