Zerek IT мектебі: Киберқауіпсіздік бойынша қонақ дәрісі
4-ші желтоқсанда Zerek IT мектебінің студенттеріне Цинциннати университетінің (АҚШ) киберқауіпсіздік саласындағы профессоры Рассел Макмахонның офлайн түрде қонақ дәрісі өтеді.
Бұл сапар UNICEN Cyberlab Cybersecurity lab жобасы аясында, Американдық University of Cincinnati және Баишев университетімен бірлесіп өткізілуде. Сондай-ақ, бұл жобаға СДУ, Халықаралық IT университеті және Алматы энергетика және байланыс университеті сияқты қазақстандық ЖОО-лар қатысады. Жобаның мақсаты: киберқауіпсіздікте білім берудің тиімділігі бойынша жұмыс, Қазақстанда осы бағытта инновациялық және практикалық қабілеттері бар мамандарды даярлау.
Осы жылдың 12-17 маусымы аралығында профессор Рассел МакМахон Баишев университетінде және Zerek IT мектебінде "Киберқауіпсіздік негіздері", "Киберқауіпсіздікті оқытудағы импровизация", "Деректерді басқару және деректерді талдау" тақырыптарында дәрістер мен семинарлар өткізді.
Comments 2
Login to leave a comment
Ilias Zholaman · Dec. 1, 2023 17:30
👍
IT-Performance · Nov. 30, 2023 16:12
Кибербезопасность – ключевой аспект в нашем цифровом мире.