Digital Bridge 2022 аясында түркі елдерінің 6 технопаркі Меморандумға қол қойды
Бүгін Түркі Мемлекеттер Ұйымына мүше елдердің технопарктері арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті. Соның ішінде Sabah Lab (Әзірбайжан), ЖТП (Қырғызстан), Bilisim Vadisi(Түркия), Bilkent Cyberpark(Түркия), Өзбекстан IT паркі (Өзбекстан) және біздің елден Astana Hub IT-стартаптар технопаркі ортақ келісім жасасты.