Google for Startups және Astana Hub ұсынған Silkway 2023 акселераторына қандай стартаптар өтті

Silkway акселерация бағдарламасының үшінші легіне Орталық Азия, Моңғолия, Әзірбайжан және Грузиядағы технологиялық стартап-жобалар бойынша барлығы 280 өтінім түсті.


Жобаларды Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен Google for Startups өкілдерінен құралған арнайы комиссия бағалады.

Нәтижесінде Silkway 2023 бағдарламасына өткен 15 үздік жоба анықталды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Моңғолияның стартаптары үш ай бойы Астанада акселерациядан өтеді:⠀

  • TASS VISION – жасанды интеллекті бар b2b SaaS құралы, ол офлайн ритейлерге смарт камералар арқылы сатылымдарды талдауға көмектеседі;
  • Voiceloft - 110 тіл мен диалектілер үшін басқаларға қарағанда 10 есе жылдам және 100 есе арзан сөйлеуді тану үлгілерін жасап шықты;
  • BILLZ - ​​бұл POS, қорларды басқару, CRM, аналитика, электрондық коммерция және қаржылық құралдармен жабдықталған шағын және орта бизнеске арналған бөлшек сауданы басқаруға арналған платформа;
  • Proportunity.kz  - жылжымайтын мүлікті инвестициялау бойынша Қазақстандағы бірінші және ең ірі реттелетін платформа, ол адамдарға табыс әкелетін мүліктерге ұжымдық инвестициялау арқылы өз табысын арттыруға мүмкіндік береді;
  • Kid Security - балалардың орналасқан жерін анықтауға және олардың экран уақытын тиімдірек қолдануға мүмкіндік беретін, ата-ана бақылауына арналған қосымша;
  • TrustContract - бірнеше қадам арқылы екі тарап үшін бір реттік құпиясөзбен SmartContract-тарға қол қоюға мүмкіндік беретін SaaS қызметі;
  • ApartX - SaaS ақылды құлыптар арқылы жылжымайтын мүліктің иегерлеріне ортақ қолдану операцияларын 80% автоматтандыратын платформа. Бұл таза кірісті 30 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді;
  • EZapp - Mobile Orders - өндірушілер мен дистрибьюторларға тұтынушылардан келетін тапсырыстарды басқаруға мүмкіндік беретін қосымша. Ыңғайлы мобильді қосымшаны, веб-сайтты немесе компанияның есеп жүйесіндегі қондырманы пайдалану арқылы мыңдаған сауда нүктелердің жұмысын жеңілдетеді;
  • Bilimber - студенттерді бірден мұғалімдермен байланыстыратын қосымша;
  • Squares - орындарды брондау және іс-шаралардың барлық түрлерін ұйымдастыруға арналған қосымша;
  • Kwaaka - жеткізу қызметтерімен (Glovo, Wolt, Bolt Food, Uber Eats және т.б.) жұмыс істейтін мейрамханаларға арналған SaaS платформасы. Ол түрлі жеткізу қызметтерінен түсетін барлық онлайн тапсырыстарды мейрамхананың POS-терминалына біріктіреді;
  • Garderob - жеке гардеробтағы киімдерді сату және сатып алуға арналған C2C қосымшасы.;
  • Let’s Codify - IT және Digital саласында мамандарды іздеуге арналған HR-Tech стартапы. Жаңа мансаптық мүмкіндіктерге, үздіксіз оқуға және кәсіби дамуға ашық мамандардың экожүйесін жасайды;
  • ProsperPay - Қазақстандағы алғашқы «жалақыға қолжетімділік» қызметтерінің бірі, мұнда қызметкерлер өз жалақысының (есептелген, бірақ әлі төленбеген) бір бөлігін коммиссия төлеу арқылы ала алады;
  • Cody - көп арналы сауда платформасы.

 Silkway 2023 бағдарламасы барысында Astana Hub әрбір стартап команданың екі мүшесін баспанамен, шетелдік қатысушыларды визамен қамтамасыз етіп, сондай-ақ Google for Startups және Astana Hub оқу курстары мен менторлар ұсынады. Қатысушылар бағалы тәжірибе алып, дүниетанымдарын кеңейтіп, осы индустрияда жаңа және тиімді байланыстар орната алады.

Еске салсақ, Қазақстан биыл Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін бірінші және жалғыз мемлекет мәртебесінде қала бермек. Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының өткен жылғы екі легінің тиімділігі мен өнімділігін ескере отырып, Google for Startups 2023 жылы Astana Hub-пен эксклюзивті серіктестігін жалғастыратын болады.

Былтыр бағдарламаға 567 технологиялық жоба бойынша өтінім түсті. Олардың 30-ы іріктеуден сәтті өтіп, ал 25-і бағдарлама барысында табыстарын арттырып, жаңа нарықтарға шықты. Бағдарламаның бірінші және екінші легінің жетістіктері туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.

Google for Startups - 2011 жылы Google корпорациясы іске қосқан стартап бағдарламасы. Ол 125 елдегі 50-ден астам коворкинг пен акселератордан тұрады және технологиялық кәсіпкерлер үшін практикалық сабақтар ұсынады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін