Mangystau Hub: Қазақстанда тағы бір өңірлік IT-хаб ашылды

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында Mangystau Hub өңірлік технопаркі іске қосылды. Бүгінде бұл – Astana Hub басқаруындағы 13-ші өңірлік хаб.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңызын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен масштабтау міндетін қойды.

«Өңірлік хабтар аймақтарда IT-саланың дамуына жол ашады. Бұл орталықтар жергілікті стартаптар, кәсіпкерлер мен мамандар үшін  білім беру бағдарламаларына, нетворкингке, инвестицияларға және технологиялық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін  катализатор іспеттес. Аймақтарда Digital Nomads және Google Developers Group-пен серіктестікте воркшоптар, олимпиадалар, хакатондар, офлайн және онлайн кездесулер жиі өткізіледі. Бүгінде өңірлік хабтарда 7 мыңнан астам адамның қатысуымен 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, 70-тен астам компания Astana Hub қатысушысы болды. Біз Mangystau Hub өңірдегі IT-индустрияны дамытудың негізгі алаңына айналатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.

ҚР ЦДИАӨМ, Маңғыстау облысы әкімдігі және Sergek Group қолдауымен Astana Hub халықаралық технопаркі құрған Mangystau Hub-тың негізгі міндеті – жергілікті IT-қауымдастықты дамытып, IT-таланттардың тұрақты ағынын қалыптастыру. Мұнда IT-мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға және инновациялық жобалардың дамуын ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шаралар, тренингтер мен конференциялар өткізіледі.

Ашылу аясында 8 технологиялық жоба ұсынылды: AMS SYSTEM, qMeta, Mediana Services Limited, Smart EDUS, AGSA, Libsystem.kz, Rebels, Gylym.ai және ЭкоАвтомат.

Бүгінде ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен және Astana Hub, әкімдіктер мен жеке серіктестердің қолдауымен еліміздің 12 өңірінде IT-хабтар табысты жұмыс істеп тұр: Abai IT Valley, Kyzylorda Hub, Digital Jetisu, Zhambyl Hub, Oskemen IT Hub, Jaiq Hub, Turkistan IT Hub, Qostanai IT Hub, Aqtobe IT Hub, Aqmola IT Hub, Pavlodar IT Hub, Terrikon Valley. Сондай-ақ 2024 жылы Mangystau Hub-тан басқа Атырау, Шымкент, Қонаев, Жезқазған, Петропавл және Жаңаөзен қалаларында IT-хабтар ашу жоспарланып отыр.

2024 жылы Astana Hub өңірлік IT-хабтарды astanahub.com платформасындағы қолжетімді цифрлық инфрақұрылымдар арқылы қарқынды дамытуды қолға алды. 2023 жылы еліміздің өңірлік хабтарында АКТ саласында 784 іс-шара ұйымдастырылып, оған 25 мыңға жуық адам қатысып, 194 стартап-идея ұсынылды. Сонымен қатар өңірлерде АКТ бойынша 7 форум өткізілді. Бұл 70 компанияның Astana Hub-қа қосылуына және өңірлерде IT-саланы дамытуды ынталандыруға септігін тигізді.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

I am John Hall, and I live in California. I was contacted by one Carmen who instructed me to set up an account on a legitimate cryptocurrency exchange to purchase BITCOIN, transfer funds to a Trust Wallet account, and then directed me to transfer funds to the fraudulent trading website “darwave.com”. Over the course of a few months, I made repeat investments into the platform totaling over $30,000. During this time, I was assured that my money could be made back and at one point Carmen offered to send $41,000 of her own assets, plus an additional $8,000 that I previously sent to Carmen as a good faith measure, to supplement my investment on the platform. After the alleged transfer, I was led to believe that I had $234,000 USDT in my account balance as a result of the trade. However, when I tried to withdraw, the website informed me that my account was suspended and that my assets were frozen. After contacting the website’s customer service, I was told that my withdrawal would only be approved when I provide an additional payment outside the platform to pay off the short-term capital gains tax on their profits. At this point I realized the fraudulent nature of the website and reported the incident. A friend then recommended "**RECOVERYCOINGROUP AT GMAIL DOT COM**" who helped recover all my money and then brought down the website so they'll not be able to scam someone else.

Жауап беру