Батыс Қазақстан оқушылары әлеуметтік көшбасшы дағдыларын үйренеді
Бүгін, 8 қазан Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде халықаралық Beginit Central Asia by inDrive жобасының іріктеу туры өтті. Бұл бағдарлама Қазақстандағы оқушылар арасында жас әлеуметтік көшбасшыларды тәрбиелеуге және өңірлердегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған, оларға сапалы білім алуға және көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Биыл бағдарлама Қазақстанның 10 өңірін қамтыды, осылайша 10-сынып оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін дамытып, өз идеяларын әлеуметтік жобаларға айналдыруды үйренді. Оралдағы іріктеу турына 100-ден астам оқушы, олардың ата-аналары мен мұғалімдері жиналды. Іс-шараға Beginit Central Asia by inDrive жобасының үйлестірушісі Самат Саяқов және Jaiq Hub өңірлік менеджері Омар Ташим қатысты.
«Біздің мақсатымыз – өңірлерде позитивті өзгерістерге бастамашы болуға әлеуеті бар жасөспірімдерді анықтап, қолдау көрсету. Біз жас өрендерге өз идеяларын жүзеге асырып, қоршаған ортасын жақсартуға көмектесуге тырысамыз», – деді Самат Саяқов.
Іріктеу туры барысында оқушылар көшбасшылық қасиеттерді анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындап, әлеуметтік көшбасшы рөлін зерттеді. Қатысушылар өздерінің идеяларын бөлісіп, әлеуметтік жобаларды талқылады және тестілік тапсырмалардан өтті. Бұл кезеңнің нәтижесінде үздіктер бағдарламаға әрі қарай қатысуды жалғастырды.
Келесі кезеңде оқушылар білім беру модулінен өтіп, әлеуметтік көшбасшылық негіздерін үйреніп, өз өңірлеріндегі өмірді жақсартуға бағытталған жобаларын әзірлей бастады. Қатысушылар, сондай-ақ, жоба серіктесі Astana Hub-тың инновациялық орталықтарына бару мүмкіндігіне ие болды.
«Jaiq Hub – аймақтағы IT қауымдастығын дамыту орталығы. Біз түрлі тегін білім беру жобаларын жүзеге асырамыз, питчингтер, воркшоптар мен хакатондар өткіземіз, стартаптарды іске қосуға көмектесеміз және IT, бизнес пен мемлекет арасында коллаборация жасаймыз. Біздің өңірде Beginit жобасының жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз – бұл біздің балалар үшін өздерін танытуға, пікірлестермен танысып, армандарын іске асыруға тамаша мүмкіндік. Beginit бағдарламасы аясында біз қатысушыларға идеялар алмасып, жобалар жасауға мүмкіндік беретін алаң ұсынамыз. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға менторлық қолдау көрсетілді», – деді Омар Тәшім.
Beginit Central Asia by inDrive әлеуметтік-білім беру бағдарламасы оқушыларға жас әлеуметтік көшбасшылардың белсенді, инновацияға бағытталған қауымдастығының бір бөлігі болуға, әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін әртүрлі құралдарды пайдалануды үйренуге бірегей мүмкіндік берді. Бағдарлама финалистеріне inVision U университетіндегі Foundation Year бағдарламасына шақыру, шетелде білім алу сапарлары, ҰБТ-ға дайындық курстары мен ноутбуктер сыйға тартылады.
Пікірлер 4
Кіру пікір қалдыру үшін
Corner Stone · Қар. 26, 2024 16:02
Hi everyone, I made a promise to myself that I was going to come back here and testify about the great job of Schwartz Software Hackers Services , schwartzsoftwarehackingprogram at gmail dot com did for me with their magnificent hacking skills, they didn’t just get back my scammed money i invested with a fake investment company that was almost $810.000 but to my greatest surprised I got back the money I invested but they also use their sophisticated skills to get even more than the money I invested that was found in the scam wallet during the period of recovery the transfer all the funds back to my wallet which was even more than I expected. If you have been wondering and looking for a way to get back your scammed funds of any kind, I will suggest you quickly get in contact with schwartzsoftwarehackingprogram@gmail.com or you can also get in touch with them through telegram. Email: (schwartzsoftwarehackingprogram@gmail.com) WhatsApp : +44 77 41 26 48 51 Telegram : https://t.me/schwartzsoftwarehackers Website; https://schwartzsoftwareha.wixsite.com/website
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:08
👍
Laura Meir · Қаз. 22, 2024 12:04
Cool
Lain Iwakura · Қаз. 21, 2024 12:10
👍👍👍👍👍