Astana Hub резиденті мәртебесін алу оңай және тегін!
Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub-қа қатысушы ретінде тек консалтингтік ұйымдар арқылы тіркелу мүмкін деген желіде тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.
Astana Hub қатысушысы мәртебесін astanahub.com платформасында онлайн-тіркеуден өтіп, аз ғана құжаттар тапсыру арқылы дербес және тегін алуға болады. Бұл ретте Astana Hub қолдау қызметі өтінім беру кезінде консультациялық қолдау көрсетуге әрқашан дайын (тел.8-7172-79-97-77).
Онлайн-тіркеуден және құжаттарды тапсырғаннан кейін өтінім 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Тіркеу кезінде технопаркке қатысу шарттары туралы келісім жасалып, қатысушыны тіркеу туралы куәлік табыс етіледі.
"Біз тіркеуге көмек көрсететін консалтингтік компаниялардың қызметіне қарсы емеспіз. Бірақ мұндай ұйымдардың кеңесшілерін олардың көмегінсіз тіркелу мүмкін емес деген жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Мұндай жайттар анықталған және осындай ақпарат таратылған жағдайда, болашақта біз оларға көрінеу жалған ақпарат тарату туралы ҚР заңнамасы шеңберінде тиісті шара қолданамыз", - деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Бақытжан Ешмұхамбетов.
Еске салсақ, сондай-ақ технопаркке қатысушы мәртебесі компанияларға салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген тәртіппен виза алу, оқыту сияқты жобаларды құру және дамытуды жеңілдететін бірқатар маңызды артықшылықтар береді. Толығырақ https://astanahub.com/en/l/h/registration
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін