Қарағандылық «Терриконовая Долина» ІТ-хабында «Демо-күн» қалай өтті
«Терриконовая Долина» ІТ-хабында 20 желтоқсан күні қос бірдей маңызды шаралар – «Акселератор» және «Инкубатор» бағдарламаларының қатысушыларының оқуының аяқталуы, сондай-ақ, «Хакатон» жеңімпаздарын марапаттау шаралары өтті.
Сегіз апта бойы «Акселератор» және «Инкубатор» бағдарламаларының командалары трекерлермен өз бизнесін дамыту үшін жұмыс істеді. Олардың ең үздіктері Демо-күнде өз нәтижелерін ұсынды. "Акселератордың" финалистері арасында Call-Bot, UniNet сервистік орталықтар желісі және Cvetogis онлайн-сервисі сияқты жобалар бар.
Call-Bot командасы бизнес-үдерістерді оңтайландырумен және Call-орталықты роботтандырумен айналысады. Трекермен жұмыс нәтижелері бойынша балалар алғашқы сатылым жасады, серіктес пен инвестор тапты. Болашақта жобаны жасаушылар өз идеяларын кеңейтіп, бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Uninet сервистік орталықтар желісі 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Биыл команда басып шығаруды басқарудың жаңа қызметін (MPS) іске қосуды ұйғарды. Жоба қорытындысы бойынша олар 107 000 000 теңгеге келісімшарт жасасты, сондай-ақ тоғыз келісімшарт бойынша 2 700 000 теңге сомасына аутсорсинг қызметін іске асырды.
Cvetogis сервис командасы орташа чегі 10 000 теңгені құрайтын тапсырыстар санын 400-ден 700-ге дейін арттыру міндетін алға қойды. Бағдарлама қорытындысы бойынша олар айналымды екі есеге арттырып, Қазақстанның тағы жиырма қаласындағы дүкендерді қоса алды.
«Инкубатор» жобасының қатысушылары да шетте қалмай, өз нәтижелерімен бөлісті. Дарья Кузьминова «Мой питомец» жобасын ұсынды, онда ол үй жануарларының жағдайын бақылау үшін трекер жасады. Автордың ойынша, үй жануарларының денсаулығы туралы барлық ақпарат үнемі телефонға жіберіледі. Инкубатордағы жұмыс нәтижесінде Дарья проблемалық сұхбат жүргізді, лендинг жасады және қазір қытайлық серіктестермен келіссөздер жүргізуде.
Дания Азизова Coal Soil жобасымен жұмыс қорытындыларымен бөлісті. Командамен бірге олар көмір қалдықтарының негізінде стартап-тыңайтқыш құрды. «Инкубаторға» дейін жастарда тек идея болған, ал қазір олар прототип жасап, өз өндірісінің компосттын алуға алдын ала өтінімдер алды.
Іс-шараның соңында «Оқытушыларға арналған хакатон» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл командалар ұсынылған кейстер бойынша протиптер ойлап табатын жарыс болды. Ал үздік бес команда 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Олардың ішінде «Академия жизненных навыков» («Өмірлік дағдылар академиясы») атты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әлеуметтік көмек көрсету сервисін әзірлеген оқытушылар командасы болды. Қатысушылар әкімшілік панельге қосылған қосымшаны жасады, сонымен қатар әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты және курс бағдарламасын тіркеді.
Тағы бір команда жануарларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша заңгерлік көмек қызметін дамыту туралы өз кейстерін ұсынды. Олардың жобасы полицияға және «ДОС» прокуратурасына өтініштерді жіберу функциясын да қамтиды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің қосымшаларында үй жануарларының жоғалуы туралы өтініштерді қабылдау қызметін және нақты мекен-жайын көрсету мүмкіндігі бар SOS түймесін енгізді.
«Бізге «Хакатонға» қатысу өте ұнады, біз өзімізді дәлелдеп, қысқа мерзімде қосымшаның прототипін жасай алдық. Бұл жолы іс-шараның мұғалімдер үшін арнайы құрылғаны ерекше қуантады. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!",- деп бөлісті жоба жеңімпаздарының бірі.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін