Жіберіп алма! Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайтын AIFC Legal Technologies хакатонына қатысыңыз!
Достар, біз АХҚО-да жүлде қоры 1 000 000 теңге болатын Заң технологиялары хакатонына қатысуға командаларды тіркеудің басталғанын қуана хабарлаймыз! Хакатонды АХҚО Құқық академиясы Freedom Finance Global және Uppercase серіктестерінің белсенді қолдауымен ұйымдастырады.
IT мамандар мен заңгерлерден, сондай-ақ құқық және/немесе IT саласын зерттейтін студенттерден құрылған командалар шақырылады. Қатысушылар шектеулі уақыт жағдайында заң процестерін автоматтандыру саласындағы мәселелерді шешу дағдыларын көрсете алады.
Командалар кемінде 6 қатысушыдан құрылады, олардың 2-еуі міндетті түрде Нұр-Сұлтан қаласында болуы және қазақ, ағылшын, орыс тілдерін білуі тиіс.
Командаларды тіркеудің соңғы мерзімі: 2022 жылғы 16 қыркүйек сағат 18: 00 (GMT+6)
Тіркелу үшін төмендегі сілтемеге.
АХҚО Заң технологиялары хакатонының жеңімпазы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін