Astana Hub
Елордадағы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің алаңында Defense Tech хакатоны өтті.
Astana Hub пен Google for Startups бірлесіп жүзеге асыратын Silkway Accelerator бағдарламасының алтыншы легіне өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Бағдарлама – Орталық Азиядағы өсу кезеңіндегі технологиялық стартаптарға арналған жетекші акселераторлардың бірі. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Моңғолия командалары қатыса алады.
Astana IT University қабырғасында 9–12 сынып оқушылары арасында жасанды интеллект бойынша алғашқы республикалық олимпиада — AI Olymp финалы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен алдын ала іріктеуден өткен 40 үздік оқушы қатысты.
Astana Hub жеке IT-мектептерден Tech Orda бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Бұл бастама IT-білім беруді дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.
Білім мен технология саласында айтулы оқиға болды: TUMO және Astana Hub арасында келісімшартқа қол қойылды. Осы құжат аясында технологиялар мен креативті индустриялар саласында болашақ дағдыларды меңгергісі келетін жасөспірімдер мен жастарға арналған Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі тұңғыш білім беру орталығы құрылады.
21–25 сәуір аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде Dubai AI Week – жасанды интеллектіні дамыту, реттеу және түрлі салаларда қолдану мәселелеріне арналған ең ірі шаралардың бірі өтуде. Astana Hub пен IT Park Uzbekistan-ның Central Asian Innovation Hubs біріккен альянсы Қазақстан мен Өзбекстанның 5 стартабын ұсынды.
Батыс Қазақстан облысындағы өңірлік IT-хаб атауын өзгертті — енді ол Batys Hub деп аталады. 2023 жылдың наурыз айында негізі қаланған хаб алғашқы күннен бастап өңірде технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп келеді.
17–19 сәуір аралығында Түркияда өткен Eurasia Technology Week халықаралық технологиялық форумы аясында Astana Hub пен IT Park Uzbekistan альянсы Central Asian Innovation Hubs ортақ бренді аясында Қазақстан мен Өзбекстаннан он инновациялық стартапты таныстырды.
Astana Hub резиденті – отандық жасанды интеллект негізіндегі Cybernet AI $350 000 астам көлемде гранттық қолдауға ие болып, Microsoft for Startups халықаралық бағдарламасының қатысушысы атанды. Бұл бағдарлама B2B бағытында тұрақты өсу қарқыны бар болашағы зор технологиялық компанияларды қолдауға бағытталған және оларға Microsoft технологияларына қол жеткізіп, жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін ұсынады.
1 млн қазақстандықты жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына үйрету – ҚР Үкіметінің стратегиялық бастамасы. 5 жыл ішінде 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкерді, 80 мың бизнес өкілін және басқа салалардан мыңдаған азаматты қамту жоспарда бар. Мақсат – технологияны тұтынуға ғана емес, оны жасауға және пайдалануға дайын ұрпақ қалыптастыру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ басқарушы директоры Дания Ахметова мәлімдеді.
ИИН:
Продолжая, Вы принимаете условия и предложения AstanaHub
Пройдите по ссылке, которую мы отправили Вам на почту , для завершения регистрации
Жүйеге кіру кезінде пайдаланылатын жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Введите новый номер телефона, который будет использоваться при авторизации в системе
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін, сілтеме алатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Біз сізге жіберген сілтеме бойынша өтіңіз
Поздравляем, вы успешно зарегистрированы на платформе astanahub.com
Себебі сіз парольді і реттен артық қате еңгіздіңіз
Кем дегенде 8 таңба
A-Z бас әріптері
Кіші әріптер a-z
Бір Сан
Бір арнайы таңба
Тіркеу аяқталғаннан кейін біз сізді Astana Hub экожүйесіндегі желіге қосылу үшін автоматты түрде «Нетворкинг» бөліміне қосамыз.
«Нетворкинг» бөлімі желіні дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие