StartUp Академиясы: TikTok және Astana Hub стартаптарға арналған білім беру бастамасын қорытындылады
TikTok платформасы Орталық Азиядағы ең ірі технопарк болып табылатын Astana Hub-пен серіктестікте үшінші жыл қатарынан өткізіп келе жатқан TikTok Startup академиясының кеңейтілген білім беру бағдарламасын қорытындылады. Жоба стартаптарға цифрлық маркетингте жаңа білім алуға және TikTok-тың бизнесті ілгерілету және өсіру платформасы ретіндегі әлеуетін толық ашуға көмектеседі. Биыл ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген стартаптарды біріктірді.