Қазақстандық стартап Германиядағы Constructor Start халықаралық акселераторындағы ТОП-15 жобаның қатарына енді
KazScanService компаниясы әзірлеген қазақстандық deeptech-стартап QazTWIN Германияның Бремен қаласындағы Constructor University кампусында өткен Constructor Start халықаралық акселерациялық бағдарламасының Demo Day шарасына қатысты. Онда стартап көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алып, ең үздік 15 жобаның қатарына енді.