CYBERPACK.AI 300 000 доллар инвестиция тартты: қазақстандық стартап EdTech саласын жаһандық деңгейде бағындыру үстінде
Astana Hub ұйымдастырған Startup Garage бағдарламасының қатысушысы CYBERPACK.AI стартапы $2 млн бағалауымен pre-seed кезеңінде 300 000 доллар көлемінде ангел инвесторлардан инвестиция тартты. Инвестициялық раундқа Shell, Qatar Energy және Apache Corporation компанияларының топ-менеджерлері қатысып, жобаның техникалық бағыттағы сапалы білімді әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қолжетімді ету сынды жаһандық миссиясына қолдау білдірді.