«Ашылмайтын есіктерді де қағу керек». Medtech-стартабының негізін қалаушы Қазақстанда өз шешімін қалай сату керектігін айтты
MED365 – қауіпті және зиянды өндірісте жұмыс жасайтын қызметкерге ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден бір минут ішінде өтуге мүмкіндік беретін шешім. Бұл термометрмен, тонометрмен, алкотестермен және пупиллометрмен жабдықталған автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесінің (АСМО) көмегімен жасалады. Барлық деректер арнайы жүйеге түседі, онда жасанды интеллект оларды өңдейді және дәрігерлерге адамның денсаулығына қатысты мәселелер туралы сигнал береді.