IT саласындағы әйелдер: табысты мансапты қалай бастауға және құруға болады?!
Болашақты IT технологиялар қалыптастырған қазіргі әлемде ақпараттық технологиялар индустриясындағы әйелдер рөлінің барған сайын маңызы арта түсуде. IT-ге тән жылдам өзгерістер сансыз мүмкіндіктер туғызуда, бірақ көп жағдайда әйелдер осы “IT әлеміне кіру” барысында бірқатар қиындықтарға тап болуда. Бұл тұрғыда " IT саласындағы әйелдер: табысты мансапты қалай бастауға және құруға болады " деп аталатын QSTEM оқу орталығының ұжымы ұйымдастырған онлайн-митап, IT саласында өз ізін қалдырғысы келетін біздің студенттер үшін білім мен шабыттың ажырамас көзі болды.
Онлайн кездесудің құрылымы
Әр түрлі IT салаларындағы кәсіпқойлардан жинақталған біздің онлайн іс-шарамыз түсініктер мен нақты практикалық кеңестер беруге арналды. Статистикалық деректерге сүйенсек QSTEM орталығын бітірген немесе қазіргі таңда оқып жатқан білім алушылар арасында қыз-келіншектердің үлесі 50%-дан асып түседі екен. Осы тұрғыда жиынға қатысушылардың да саны аз болмады. Біз бағдарламалау, жобаларды басқару, дизайн және маркетингті қоса алғанда, әртүрлі IT салаларындағы сарапшыларды бір жерге жинадық. Спикерлердің бұл алуан түрлілігі тыңдаушыларымызға IT-индустрияның әртүрлі бағыттарына толыққанды еніп, түсінуге мүмкіндік берді.
Онлайн кездесуде қозғалған басты тақырыптар:
1. IT әлеміне кіру
Біздің спикерлер IT саласына қалай келгені туралы әңгімелерімен және олар кездескен қызық сәттерімен бөлісті. Нақты дұрыс жол жоқ екенін атап өтіп, олар осы қызықты әлемдегі алғашқы қадамдары туралы ақпараттарымен бөлісті.
2. Бәсекелестікті жеңу
IT-дегі бәсекелестік туралы пікірталас барысында басқа мамандардан ерекшелену үшін әйелдер өзінің басым жақтарын қалай пайдалана алатынын талқылады. Спикерлер жобаға немесе командаға алынатын жұмыскерлердің әртүрлі(әйел немесе ер адам) болуының маңыздылығына назар аударды.
3. Табысты мансаптың құпиялары
Сарапшылар өздерінің сәттілік тарихымен ғана емес, сонымен қатар кәсіби мақсаттарға жету үшін қолдануға болатын практикалық стратегияларымен де бөлісті. Оның ішінде қарым-қатынас дағдыларының, тәлімгерліктің және тұрақты кәсіби өсудің маңыздылығын атап өтті.
Жиын қорытындысы
Онлайн-митап тәжірибе алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар шабыт көзіне айналды. Жиынға қатысушыларға стереотиптер мен қиындықтарды жеңу үшін қажетті құралдар мен білім берілді.
Біз мұндай іс-шаралар Қазақстанның IT саласында әртүрлі қауымдастықтың қалыптасуына ықпал ететініне сенімдіміз.
Comments 1
Login to leave a comment
Камшат Бердиева · Nov. 30, 2023 17:11
👍👍👍