Талғат Аблаев: тез өзгеретін салада табысқа жету үшін өзің де жылдам даму керексің
Телекоммуникация инженері мамандығы бойынша білім алған Талғат Аблаев, қазір Жетісу өңіріндегі Jetisu Digital IT хабының өңірліке менеджері. Оның кәсіби жолы банк секторын, ІТ-индустрия мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ өз стартаптарын ашу және IT-жобаларды басқару тәжірибесін қамтиды.
- Astana Hub өңірлік менеджері болуға не себеп болды?
– Өңіріміздегі ІТ саласының дамуына ықпал ету мүмкіндігі мені әрқашан қызықтырды. Astana Hub аймақтық менеджері ретінде жұмыс істеу маған Жетісу өңіріндегі адами капиталды дамытуға нақты үлес қосуға мүмкіндік береді. Адамдарды біріктіру, оларды бағдарламаларға тарту және олардың өсіп, жетістікке жетуін көру өте шабыттандырады. Бұл позиция мені қызықтыратын көптеген аспектілерді біріктіреді: менеджмент, коммуникациялар, IT, маркетинг және жобаларды басқару. Мен адамдардың өмірін шынымен өзгертетін және аймақты дамытатын жобаларда жұмыс істеу мүмкіндігіне қуаныштымын.
– Өңірлік менеджердің міндеттерін ойдағыдай атқару үшін қандай дағдылар мен білімдер маңызды деп санайсыз?
– Өңірлік менеджер ретінде табысқа жету үшін кең ауқымды дағдылар қажет. Біздің басты мақсатымыз – белсенді IT қоғамдастығын құруға көмектесетін бастамаларымыз бен бағдарламаларымыздың төңірегінде адамдарды біріктіре отырып, облыстағы адами капиталды дамыту. Ол үшін бізде жақсы басқару дағдылары, тамаша коммуникация, сондай-ақ IT-саласында жақсы білім базасы және IT әлеміндегі заманауи трендтерді түсіну керек. Сондай-ақ көпшілік алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлей білу, SMM және Digital маркетинг дағдыларын меңгеру, Agile сияқты жобаларды басқару әдістемесін білу және сонымен бірге жігерлі, шығармашылық және идеялық тұлға болып қалу маңызды.
– Қандай жобаларды ең маңызды деп санайсыз?
– Ұзақ мерзімді перспективада қарастыратын болсақ, әрбір жоба маңызды. Маған алғашқы күннен-ақ өңірімізде IT хабтың ашылуына қатысу бақыты бұйырды. Бұған дейін Жетісу аудандық цифрлық технологиялар басқармасына қарасты «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ басшысы қызметін атқардым. Осы рөлде әріптестеріммен бірге Талдықорғанда алғаш рет Samsung Innovation Campus-пен бірге курстар аштық, KazInnovation инкубациялық бағдарламасын жүзеге асыруға көмектестік және басқа да маңызды жобалармен айналыстық.
Бұл ретте Қазақстанның барлық облысында ІТ хабтарды ашу жұмыстары жүргізілді. Өңірлердегі IT-саласын дамыту жөніндегі көзқарастарымен бөліскен Astana Hub әріптестерімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында біз Талдықорғанда хаб ашуды тиімді ұйымдастыра алдық. Содан бері біз 10 IT курсын іске қостық (Python, Flutter, UI/UX, No Code/Low Code, веб-әзірлеу негіздері, Computer Science, Scratch, IT үшін ағылшын тілі, She-commerce), 100-ден астам іс-шара өткізіп, 1000-нан астам облыс тұрғындарын әртүрлі IT дағдыларына оқыттық.
Іске асырылған барлық жобалар, сондай-ақ болашақ іс-шаралар өңірді дамытуға және халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді, бұл сайып келгенде, аймақтағы ІТ-индустрияны дамытудағы жалпы ілгерілеуге ықпал етеді.
– Өңіріңіздегі стартаптар мен кәсіпкерлерге қалай қолдау көрсетесіз?
– Біздің аймақтық IT хабымыз «Jetisu Digital» ІТ мамандарын дайындап қана қоймай, жас IT-кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетуде. Біз Astana Hub білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ стартаптарды дамытуға қажетті тәлімгерлік пен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Startup Garage, Scalerator, AI'preneurs, Techpreneurs сияқты бизнес-инкубациялау және акселерация бағдарламаларының арқасында стартаптар гранттар, инвестициялар алуға, өз саласында көшбасшы болуға және халықаралық нарықтарға сәтті шығуға мүмкіндік алады.
Биыл біз екі рет хакатон өткіздік, нәтижесінде Талдықорған қаласы әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жеңімпаз жобаларға қолдау көрсетті. Табысты дамудың мысалы ретінде Талдықорғанда белсенді түрде кеңейіп жатқан және инвесторлардың қызығушылығын тудырып, Astana Hub қатысушысы болған tuktuk.kz азық-түлік жеткізу стартапын атауға болады.
- Сіздің ойыңызша, алдағы жылдарда IT және бизнестегі ең маңызды үрдістер мен өзгерістер қандай болады?
Алдағы жылдары мен IT және бизнес секторларында бірнеше негізгі трендтер ерекше маңызды болады деп ойлаймын. Біріншіден, жасанды интеллекттің жедел дамуы байқалады. Жасанды интеллект денсаулық сақтау, қаржы, білім және бөлшек сауданы қоса алғанда, әртүрлі салаларға көбірек интеграцияланатын болады. Екіншіден, бұлтты технологиялар тарай береді. Икемділікті арттыру, шығындарды азайту және қызметтерді жылдам масштабтау үшін компаниялар бұлттық платформаларға көшеді. Сондай-ақ киберқауіпсіздік кибершабуылдар мен деректерді бұзу санының өсуі жағдайында барлық ұйымдар үшін басты басымдыққа айналады, бұл компанияларды қорғанысты нығайтуға инвестиция салуға мәжбүр етеді. Ақырында, Agile сияқты жобаларды басқарудың икемді әдістемелері сұранысқа ие болады, бұл компанияларға нарықтағы өзгерістерге тез бейімделуге және жобаларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
– IT саласында дамығысы келетін стартаптарға қандай кеңес бересіз?
– Бір сөзбен айтқанда, біріншіден, үздіксіз білім алу және өзін-өзі дамыту – тез өзгеретін салада табысқа жетудің негізі. Екіншіден, нарық пен пайдаланушылардың қажеттіліктері туралы түсінік болуы керек. Үшіншіден, күшті командалар құру және ресурстарды тиімді басқара білу маңызды. Төртіншіден, қоғамдастықтан көмек сұраудан қорықпаңыз және Astana Hub ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.
–Жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз қандай?
- Ең алдымен қол жеткен нәтижелерді нығайтып, тәжірибемізді Жетісу өңірінде кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, біз жаңа білім беру бағдарламаларын, соның ішінде жасанды интеллект және киберқауіпсіздік сияқты салалардағы мамандандырылған курстарды іске қоспақпыз. Сонымен қатар, біздің мақсатымыз – Жетісудың барлық өңірінің тұрғындары қай жерде тұратынына қарамастан, сапалы білім алуы үшін онлайн оқытуды дамыту. Өңірлік стартаптарға инвестиция тарту да біз үшін маңызды міндет. Біз инвесторлармен өзара іс-қимылды жандандыруды, питч-сессияларды ұйымдастыруды және стартаптарды қаржыландыру мен қажетті ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
– Өмірдегі мақсат, арман, шабыт, негізгі ұстанымдарыңызбен бөлісе аласыз ба?
– Жұмысымда өңірдегі ІТ-экожүйені дамытып, жастарға мүмкіндік жасау – басты мақсатым. Мен үшін отбасымен өткізген уақыт – нағыз бақыт. Спорт - энергия мен денсаулықты сақтаудың көзі. Шығармашылық арқылы мен шабыт алып, дүниетанымымды кеңейтемін. Менің өмірдегі кредом – үнемі өзін-өзі жетілдіру, өзіме және басқаларға адал болу. Мен өз іс-әрекеттерінде әдептілік пен әділеттіліктің маңыздылығын ұмытпай, алдына өршіл мақсаттар қойып, оған жетуден қорықпайтын адамдарға тәнтімін.
Comments 4
Login to leave a comment
Nursultan Kabenov · Sept. 16, 2024 00:25
👍
Асылбек Аленхан · Aug. 8, 2024 14:08
Очень вдохновляющая история
Ashim Nurislam · June 26, 2024 23:15
Очень вдохновляющая история
Jihaz Mebel · June 26, 2024 00:07
Очень вдохновляющая история! Принципы честности, постоянного саморазвития и стремления к амбициозным целям – это пример для подражания. Важно не забывать о семейных ценностях и здоровом образе жизни. Спасибо, Талгат, за вашу работу и вдохновение для многих!