Tech Orda 2024: жекеменшік IT-мектептерден өтінім қабылданып жатыр
Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Astana Hub халықаралық технопаркі базасында жүзеге асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасына жекеменшік IT-мектептерден өтінім қабылдана бастады. Еліміздегі IT-білімді дамытуға бағытталған бағдарлама аясында әрбір студентке 600 мың теңгеге дейін мемлекеттік қаржы бөлінеді.