Silkway Accelerator қатысушылары инвестиция тартудан белсенді

Google for Startups және Astana Hub бірлескен бағдарламасының қатысушылары, соның ішінде Digital Bridge 2023 аясында жалпы сомасы 400 мың доллар инвестиция тартты. Моңғолия стартапы Gocare бизнес періштелер Бауыржан Қыдыралин мен Қуанған Оралқаннан 300 мың доллар алды, ал тәжіктің Zypl.ai жобасына Astana Venture Club 100 мың доллар бөліп отыр.


Silkway Accelerator бағдарламасының төртінші лек қатысушылары әзірлеген Gocare қосымшасы қолданушыға серуендегені үшін Care ұпайы түрінде сыйақы жинауды ұсынады, сонымен қатар қолма-қол ақша, тауарлар мен қызметтер үшін жеңілдіктер алу мүмкіндігін береді. Әртүрлі ұйымдардың жарыстарына қатысудан басқа, пайдаланушылар өздеріне сынақ ойлап тауып, жаяу жүруден жарыса алады.

«Қазақстанда IT-секторы қарқынды дамып келеді және бұл саланың маманы болмасақ та, қашан да қоғамға пайдасын тигізетін болашағы зор стартапты қолдау ойымызда болған. Назарымыз адамның денсаулығын жақсартуға бағытталған GoCare жобасына түсті. Сондықтан, бірқатар стартапты қарастыра келе, әріптесім Бауыжан Қыдыралинмен бірге осы жобаны қолдаймыз деп шештік. Біз оның әлеуетіне сенеміз және жақын болашақта әлемдік нарыққа шыға алатынына сенімдіміз», – дейді бизнес-періште Қуанған Оралқан.

 Әлем халқының 39%-ы семіздікке шалдыққаны белгілі, ал серуендеу артық салмақ жоғалтудың және физикалық белсенділіктің қарапайым және сенімді әдісі саналады. Gocare салмақ жоғалтуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар пайдаланушыларға денсаулыққа кететін шығынды үш есе қысқартуға көмектеседі.

 «Бұл мәміленің арқасында біздің стартаптың құны 3 миллион доллардан асып түсті. Қолданба әлі толық іске қосылған жоқ, бірақ оның демо-нұсқасы жарияланғаннан кейін бір айдан аз уақыт ішінде 70 мыңнан астам пайдаланушы жүктеп алды. Біз қазір оны Моңғолия мен Қазақстанда ресми іске қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Барлық инвестицияны жобаны дамытуға және халықаралық нарықты кеңейтуге жұмсауды жоспарлап отырмыз», - деді GoCare негізін қалаушы Адиятөмір Тербиш.

Сондай-ақ, Google for Startups пен Astana Hub бірлескен бағдарламасының бірінші лек түлегі - жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық жасақтамасын көпшілікке танытып жүрген Zypl.ai стартапы 100 мың доллар инвестиция тартты. Тиісті келісімге Astana Venture Club басшысы Нұрасыл Жарбасов Digital Bridge 2023 ірі IT-форумы алаңында қол қойды.

Бұдан бөлек, Zypl.ai соңғы 12 айда қол жеткізген табысы, соның ішінде пайдаланушылар базасы, нарық үлесі мен кірісі өскені үшін Digital Bridge Awards 2023 марапатында AI Startup of the Year сыйлығын алды.

 Еске салайық, Zypl.ai негізін қалаушылар Silkway Accelerator бірінші легіне қатысқан кезде  1,1 миллион доллар инвестиция тартып, Қазақстан мен Қырғызстан нарықтарында сатылымды көбейтіп, бағасын 6 миллион доллардан 10 миллион долларға дейін арттырды. БАӘ-нен Қазақстанға дейінгі 6 нарықтағы 20-дан астам қаржы институты несиелік скоринг үшін осы стартаптың AI негізіндегі бағдарламалық құралын пайдаланады.

Айта кету керек, Қазақстан - Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін бірінші және жалғыз мемлекет. Silkway Accelerator үш легінің нәтижесі бойынша 37 стартап жақсы нәтижеге қол жеткізе отырып, халықаралық нарықтарға шықты: бұл компаниялардың жиынтық бағасы $400 млн, MRR- $2 млн, сонымен қатар олар акселерация бағдарламасы кезінде $7,5 инвестиция тартты. Қазір бағдарламаның төртінші лек акселерациясы жалғасып жатыр, тамыз айында басталған лек бір айдан кейін  - қарашада аяқталады.

 Silkway Accelerator шеңберінде бағдарлама аяқталғанша әр стартап команданың екі мүшесін тегін баспанамен қамту, шетелдік қатысушыларды визамен қамтамасыз ету, сондай-ақ Google for Startups және Astana Hub-тан оқу және тәлімгерлік қарастырылған. Бағдарламаның біріншіекінші, үшінші және төртінші легі туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.

 

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Это замечательные новости о достижениях участников программы Silkway Accelerator, которые привлекли значительные суммы инвестиций для своих перспективных стартапов.

Жауап беру