Johnson & Johnson нұсқасы бойынша Cerebra стартапы Азиядағы ең үздік деп танылды
Америкалық «Johnson & Johnson» холдингінің венчурлық бөлімшесі «Tech in Asia» ірі технологиялық ақпараттық порталымен бірлесіп ұйымдастырған беделді байқауда қазақстандық MedTech стартап жеңіске жетті.
Байқауға Азия мен Азия-Тынық мұхиты аймағынан 100 MedTech компаниясы қатысты. «Cerebra» отандық стартапы Азиядағы үздік 5 жобамен бірге байқаудың финалына өтті. Отандастарымыз «Johnson & Johnson» венчурлық бөлімінің және бірқатар беделді азиялық венчурлық қорлардың қазылар алқасының алдында соңғы Pitch Battle-да өнер көрсетті. «Cerebra» үздік стартап болып танылды. Қазақстандық жоба Pitch Battle-да жеңіске жетті.
Cerebra.ai.Ltd негізін қалаушы және бас директоры жеңіс жөнінде Досжан Жүсіпов өз пікірімен бөлісті.
«J&J - медициналық құрылғылар индустриясының көшбасшысы, олар фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушілері және бұл жеңіс бізге ірі холдингпен ынтымақтасуға, сондай-ақ инвесторларды тартуға жаңа мүмкіндіктер аша алады».
Айтпақшы, Outpeer подкастында (https://www.youtube.com/watch?v=VEidwWyskis&t=5062s) Досжан Жүсіпов ағымдағы жылдың шілде айында «Cerebra» инвестицияның жаңа раундын ашатынын және инвесторлар үшін жобаны Сингапур және Куала-Лумпур таныстырғанын айтты.
Досжан Жүсіпов бұл жеңіс оларға алдағы турларда көмектесетінін айтады, өйткені беделді «Tech in Asia» басылымы (https://www.techinasia.com/cerebra-wins-jjiv-pitch-battle) «Cerebra» туралы мақала жариялады. Бұл технологиялық БАҚ Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияға ерекше назар аударады, көбінесе Сингапур, Индонезия, Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Қытай және Үндістанның стартаптары мен заңнамалық әзірлемелері жайлы хабар тарататын беделді ресурс.
Еске салайық, Cerebra жобасы EY Еntrepreneur нұсқасы бойынша 2021 жылдың «Үздік инновациялық жобасы» деп танылды. Оған қоса «Medtronic» нұсқасы бойынша APAC аймағында үздік ондыққа енді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін