Орталық Еуразиядан Сан-Францискоға: Road to Battlefield жаһандық мүмкіндіктерге жол ашады
Орталық Еуразия елдерінің стартаптары алғаш рет әлемдегі ең беделді стартап алаңдарының бірі – TechCrunch Startup Battlefield 2025-ке тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болады. Road to Battlefield атты аймақтық байқау Қазақстанды қоса алғанда, 9 елді қамтып, үздік үш жобаға Сан-Францискода өз өнімін таныстыруға жол ашады.