Ісін гаражда бастап, қазір АҚШ нарығына шығуды армандайды. Қазақстандықтар сәлемдеме жеткізуді ыңғайлы етудің амалып ойлап тапты
Tastamat – бұл автоматтандырылған жанасусыз сәлемдеме жеткізу қызметі. Ақылды терминалдар қазір Қазақстан мен Қырғызстанның 13 қаласында бар. Стартаптың негізін қалаушылар Данияр Асанов, Асан Барзу, Эльдар Закирьянов, Тимур Жүнісов және Әлішер Қоғабаев жобаны 2017 жылдың қысында гаражда бастаған. Бір жарым жылдан кейін $1,5 млн инвестиция тартып, қазір AliExpress, AVON, Lamoda, Oriflame және басқа да ондаған халықаралық компаниямен жұмыс істейді.