Codi Play негізін қалаушы Қазақстан Президентіне жаңа жобасы — AI Kitap-ты таныстырды
Қазақстан Республикасының Президентіне мектептегі білім беру тәсілін түбегейлі өзгертуі мүмкін жоба таныстырылды — AI Kitap. Бұл — халықаралық EdTech-компаниясы CodiPlay әзірлеген алғашқы отандық жасанды интеллекті бар цифрлық оқулық. Жанәділ Талдыбаев таныстырған жаңа жоба 2025 жылғы 9 шілдеде Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютердің іске қосылуына арналған тарихи іс-шара аясында өтті. Бұл оқиға цифрлық трансформацияның ел дамуындағы басымдығын тағыбір мәрте дәлелдеді.