Astana Hub пен Ringi ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2025 жылдың 24 қаңтарында Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев пен Ringi бас директоры Ержан Қаратаев ұйымдар арасындағы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Жапония арасындағы технологиялар мен бизнестегі байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.