Қазақ жігіттері корпоративті ЖИ-агенттер экожүйесін жасап, $6 млн алды
Әлібек Полатов Шымкентте туған. Мектептен кейін Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандағы филиалына түсіп, жүйелік бағдарламалауды оқыды. Университетті бітірген соң Қазақстанға оралып, көп ұзамай кәсіпкерлікке бет бұрды. Алдымен сайт әзірлейтін веб-студия ашты, ал 2020 жылдан бастап өз стартаптарын іске қоса бастады. Биыл Әлібек ЖИ-агент пен цифрлық көмекші жасауға мүмкіндік беретін shai.pro платформасының СЕО-сы әрі кофаундері болды. Компания қазірдің өзінде $6 млн инвестиция тартып үлгерді. Digital Business пен Astana Hub-тың «Орталық Азияның 100 стартап-тарихы» бірлескен жобасы аясында Әлібек бұрынғы өнімдерінің неліктен «жарып шықпағанын», инвестормен сөйлесуді жалғастыру үшін қалай шұғыл басқа қалаға ұшып барғанын және shai.pro-ның бәсекелестерден қандай айырмашылығы бар екенін айтты. Сондай-ақ стартаптың Alphabet компаниясының еншілес ұйымымен келісімшартты қалай жасағанын, команданың мәмілелерді бекіту циклін қалай тездеткенін және алдағы жылға қандай жоспары бар екенін де білдік.