Роман Линейцев: Табыстың 90%-ы шетелден түседі, біз оны Қазақстанға аударамыз
26 жастағы өскемендік мобильді ойын жасаушы Роман Линейцев Grand Mobile жобасының халықаралық жетістігі туралы айтып берді. 2022 жылы шыққан ашық әлемдегі өмір симуляторы 60 миллионнан астам рет жүктеліп, 30 миллион доллар табыс әкелген. Бұл табыстың 90 пайызы шетелден түскен. Компания сырттан инвестиция тартпай, тапқан табысын жаңа нарықтарға шығуға қайта салып отыр.