Жасөспірімдер анимация және бағдарламалау негіздерін тегін үйрене алады
1 млн қазақстандықты жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына үйрету – ҚР Үкіметінің стратегиялық бастамасы. 5 жыл ішінде 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкерді, 80 мың бизнес өкілін және басқа салалардан мыңдаған азаматты қамту жоспарда бар. Мақсат – технологияны тұтынуға ғана емес, оны жасауға және пайдалануға дайын ұрпақ қалыптастыру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ басқарушы директоры Дания Ахметова мәлімдеді.