Astana Hub қолдау қызметінің жаңа бірыңғай нөмірін іске қосты

Енді технопарк барлық мәселелер бойынша 2222 нөмірінде кеңес береді


Өткен жылы 2021 жылмен салыстырғанда Astana Hub туралы ақпараттық сұраулар 73% - ға ұлғайды, сондықтан пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін қолданыстағы нөмірді жаңасына өзгерту туралы шешім қабылданды. 

     "Қолдау қызметі - Astana Hub-тың ажырамас бөлігі. Біз технопарк қызметінің барлық бағыттары бойынша кеңес береміз, өйткені резиденттеріміз үшін "кіру нүктесі" болып табыламыз. Адамдар Қазақстанда IT-компанияны ашу, Astana Hub қатысушысы ретінде тіркелу, технопарк ұсынатын салықтық преференциялар түсіндіру, Tech Orda қаржыландыру бағдарламасының шарттары, сондай-ақ басқа да білім беру, акселерациялық бағдарламалар және astanahub.com интернет-платформаны қолдау мәселелері бойынша жиі жүгінеді", - деді Максим Лысенко,  Astana Hub қолдау қызметінің басшысы.

        Бүгін Astana Hub қолдау қызметінде  4 кеңесші жұмыс істейді. Бірінші жолында кенесші білікті болса сұранысты белгілейіп дереу өңдейді, егер мәселе толығырақ кеңесті қажет етсе, тиісті технопарк кеңсесіне жіберіледі.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін