Astana Hub
ҚР заңнамасы салық төлеушілердің түрлі санаттары үшін жеңілдіктер ұсынады. Мәселен, Astana Hub халықаралық технопаркінің қатысушыларына жеңілдіктердің кең спектрі қарастырылған.
Astana Hub технопаркінің қатысушысы – KuickTech қазақстандық компаниясы несиені қайта қаржыландыру бағытындағы Avoloan fintech-стартабын іске қосу үшін $500 мың жеке инвестиция тартты. Павлодарлық жобаның негізін қалаушылары мен бағдарламашылары американдықтарға несие карталарындағы қарыздарын жабуға көмектесуді жоспарлап отыр. Ол үшін қайта қаржыландыру қызметін іске қоспақ.
Қазіргі білім беру жүйесінің проблемалары белгілі. Олар кез келген елде шамамен бірдей. Кемшіліктердің тізімі шынымен де үлкен. Негізгі білім әрқашан сапалы бола бермейді, әңгімені осыдан бастайық. Ал жекеменшік мектепте немесе беделді университетте оқуға кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді. Стандартты бағдарламалар көп жағдайда қажетсіз немесе ескірген білімді береді. Мұндай проблемалар «сандықшасына» білікті мұғалімдердің тапшылығын және бос қағазбастылықты, оқу сағаттарының тапшылығын, оқулықтарды әзірлеушілер мен мұғалімдердің кері байланысы жоқ екенін, сыныптардың толып кетуін, ауыл мектептеріндегі проблемаларды және тағы басқаларды қосуға болады.
Astana Hub халықаралық технопаркі алаңында Қазақстан венчурлік индустриясының Әдеп кодексіне қол қою рәсімі өтті. Құжат нарықтың түрлі ойыншылары, атап айтқанда венчурлік қорлар, инвесторлар, бизнес-періштелер мен стартаптардың басын қосатын негізгі құжаттың бірі болмақ.
Орталық Азия елдерінің үздік 10 стартабы AlchemistХ Accelerator бағдарламасы аясында іріктеліп, Кремний алқабында білім алу бірегей мүмкіндігіне ие болды. Оқыту биыл 12 тамызда басталып, қазан айының соңына дейін жалғасып, 10 апта бойы жүргізіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Astana Hub халықаралық технопаркі базасында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушыларды оқытуға арналған онлайн білім беру платформасы іске қосылды. Сондай-ақ 300 қазақстандық педагогті жасанды интеллект (AI) пен ойындар әзірлеу (Game Development) бойынша оқытуды көздейтін пилоттық жоба басталды.
Hub Talks 2-маусымының «Геймификация: CodiPlay мен Hero's Journey бизнесті қалай өзгертіп жатыр» тақырыбындағы шығарылымында геймификацияны бизнеске енгізіп, ойын механикасы арқылы бірегей пайдаланушы тәжірибесін жасау жолдары тарқатылды.
Цифрлық даму министрлігі Tech Orda бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды. Бағдарлама Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы барлық азаматына ІТ-мамандықтарды тегін игеру мүмкіндігін ұсынады.
Azattyq rýhy тілшілері білім беру саласындағы стартаптармен әңгімелесті. «Astana Hub пен Silkway (Google for startups) акселерациялық бағдарламасы командаға шыңдалу үшін толық қолдау көрсетіп отыр», – деді Әділхан Рахымбеков, ab.ai бас директоры және негізін тең қалаушы.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі аstanahub.com» ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстанның цифрлық ғылыми порталы (ЦҒП) іске қосылды.
ИИН:
Продолжая, Вы принимаете условия и предложения AstanaHub
Пройдите по ссылке, которую мы отправили Вам на почту , для завершения регистрации
Жүйеге кіру кезінде пайдаланылатын жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Введите новый номер телефона, который будет использоваться при авторизации в системе
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін, сілтеме алатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Біз сізге жіберген сілтеме бойынша өтіңіз
Поздравляем, вы успешно зарегистрированы на платформе astanahub.com
Себебі сіз парольді і реттен артық қате еңгіздіңіз
Кем дегенде 8 таңба
A-Z бас әріптері
Кіші әріптер a-z
Бір Сан
Бір арнайы таңба
Тіркеу аяқталғаннан кейін біз сізді Astana Hub экожүйесіндегі желіге қосылу үшін автоматты түрде «Нетворкинг» бөліміне қосамыз.
«Нетворкинг» бөлімі желіні дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие