Scalerator бағдарламасының үшінші лек қатысушылары алғашқы экспорт кесілім-шартына қол жеткізді
23 стартап Astana Hub-тың экспортты қолдауға және жеделдетуге бағытталған Scalerator акселерация бағдарламасын сәтті аяқтады. 4 ай ішінде бағдарламаға қатысушылар өнімді экспорттау, мақсатты нарықты таңдау және сатуды бастау дағдыларын үйренді. Акселератор кезінде олар БАӘ, Грузия, Өзбекстан, Австрия, Германия және Ресей компанияларымен жалпы құны 90 миллион теңгенің алғашқы экспорттық келісімшартын жасады.