Digital Nomad Visa бағдарламасының алғашқы қатысушысы анықталды — Қазақстан IT-таланттардың жаңа орталығына айналып жатыр
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) Digital Nomad Visa бағдарламасы бойынша алғашқы қатысушыны жариялады. Ол Алжирден келген IT-маман — Абдельмаджид Белмекки. Маман қашықтан жұмыс істеу үшін Қазақстанды Өзбекстан, Сингапур және Малайзия сияқты елдердің арасынан таңдаған.