Таяу Шығысқа жаңа жол: Дубайдағы Digital Startups Scale Up бағдарламасына қатысуға өтінім беру басталды
Tumar Innovation Hub DIFC-пен бірлесе отырып, Astana Hub пен IT Park Uzbekistan қолдауымен Орталық Азия фаундерлеріне ерекше мүмкіндік ұсынады. Биыл күзде БАӘ-де Қазақстан мен Өзбекстан стартаптарына арналған алғашқы акселерациялық бағдарлама өтеді. Бастама стартаптарға қызметін жергілікті нарыққа бейімдеуге, ауқымын кеңейтуге және MENA аймағындағы мүмкіндіктерге жол ашуға көмектеседі.