"IT саласын дамыту" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті
Бүгін, 17 ақпанда ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ-де "IT саланы дамыту" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифингке ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің IT саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев және "Outpeer" it мектебінің басшысы Әліби Сансызбай қатысты.