Экспоненциалды өсім теориясы қалай Astana Hub бастауына айналды. Мағжан Мәдиевтің Технопарк негізін қалау жайындағы көлемді сұхбаты
Мағжан Мәдиев Digital Business-ке берген эксклюзивті сұхбатында Astana Hub идеясының қалай туындағанына тоқталып, оны еліміздің жоғары басшылығы алдында қорғау барысы мен не себепті стартаптарға арналған ІТ-хабты Алматыда емес, елордада құру туралы шешім қабылданғанын айтып берді. Сондай-ақ әңгімелесу барысында оң жағалаудағы алғашқы коворкинг, ең бірінші резиденттер мен экожүйенің дамуына ықпал еткен экспоненциалды өсім теориясын еске алды.