Decentrathon 3.0: жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайтын ұлттық онлайн-хакатон өтеді
23–25 мамыр аралығында Қазақстандағы ең ірі ұлттық хакатондардың бірі – Decentrathon 3.0 өтеді. Биыл алғаш рет бұл іс-шара толықтай онлайн форматта ұйымдастырылады. Осылайша, өңірі, жасы немесе тәжірибесіне қарамастан, кез келген адам бақ сынай алады.