Astana Hub-та Қазақстан мен Францияның жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
2 сәуір күні Astana Hub алаңында «Жасанды интеллект бойынша Париж саммиті: Қазақстан үшін даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Францияның Қазақстандағы Елшілігі мен Astana Hub технопаркі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қатысуымен ұйымдастырды.