Катар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы елшісіне Astana Hub мүмкіндіктері таныстырылды
Технопаркта Катар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румаихимен және елшіліктің екінші хатшысы Рашид Саад Әл-Муханнадимен өткен кездесу аясында катарлық Snoonu компаниясы мен Alem бағдарламалау мектебі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құрметті қонақтарға технопарк бағдарламалары таныстырылып, аумақ бойынша экскурсия өткізілді.