Ozim Platform: ерекше балалары бар отбасыларға қолдау болған әлеуметтік стартап
Бүгінде Қазақстанда дамуында түрлі ауытқуы бар балаларды тәрбиелеп отырған 600 000-нан астам отбасы бар. Олардың барлығы мемлекеттен қаржылай және медицина көмегін алады. Дегенмен тәжірибе ата-аналарға көп жағдайда біраз мәселелер туралы жан-жақты, сауатты және ғылымға негізделген ақпарат жетіспейтінін көрсетіп отыр. Баланың даму ерекшеліктерін қалай анықтауға болады, қандай медицина процедураларынан өту керек, оларды қалай тәрбиелеп, ересек өмірге қалай бейімдеу керек? Ozim Platform қолданбасы ата-аналардың осы және басқа да көптеген сұрақтарына жауап береді.