Resortix — белсенді демалыс индустриясын өзгертетін стартап
Тау сүйетін үш дос Қазақстандағы тау-шаңғы курорттары келушілерді көптеп тарту үшін мүмкіндігін толық пайдалана алмай отырғанын түсінген. Курорттар бар потенциалын қолданса, ішкі және сыртқы туризмді танытуға және ел азаматтарын салауатты өмір салтына тартуға болар еді. Игорь Заболоцких (CEO), Сергей Ким (CTO) және Никита Олейник (CPO) скипасс толтыруға қатысты мәселеге тап болған соң, Resortix стартабын бастаған.