Cleek стартапы жалдамалы жұмысшылардың жұмыс іздеуін жеңілдетіп, енді қазақстандықтарды Еуропа мен АҚШ-қа жібергісі келеді
Cleek – бұл жалдамалы қызметкерлерге арналған жұмыс іздеу сервисі. Стартап Қазақстанда 2022 жылдан бері жұмыс істейді және қазірдің өзінде 170 мыңнан астам үміткер мен 2,5 мыңнан астам жұмыс берушіні бір-бірімен байланыстырды. Алдағы уақытта жоба жаңа бағытты қолға алып, азаматтарымыздың шетелде жұмысқа орналасуын ашық әрі қауіпсіз етуді көздеп отыр. Команда өнімді іске қосқан кезде қандай қиындықтарға тап болды және Cleek неге Польша мен Беларусь әзірлеушілерін жұмысқа тартты? Осы және өзге де жайттар туралы Astana Hub-пен бірлескен «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасы аясында Cleek компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Айвар Құрмановтың сұхбатынан оқыңыздар.