Central Asian Innovation Hubs-тың жаһандық мақсаттары: жаңа халықаралық хабтар, $10 млрд IT-экспорт және 8-ден астам юникорн
Биыл Орталық Азияның ірі технопарктері – Astana Hub пен IT Park Uzbekistan Central Asian Innovation Hubs атты ортақ бренд шеңберінде Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық хабтар ашып, әлемдік деңгейдегі форумдарға қатысу аясын кеңейтеді. Ал 2030 жылға дейін 8-ден астам юникорн-стартап құрып, IT-экспорт көлемін $10 млрд-қа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.