Critical Shift: қазақстандық ойын енді PlayStation, Xbox және ПК платформаларында жарыққа шығады
Қазақстандық Rhinotales Studio – Astana Hub резиденті Critical Shift ойынын таныстырды. Бұл – кезең-кезеңімен жүретін тактикалық RPG триллері, жаһандық аудиторияға арналған жоба. Ойын биыл PC (Steam), Xbox және PlayStation-де қолжетімді болады.