Кремний алқабындағы Орталық Еуразия: AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасының жаңа легі
Astana Hub IT Park Uzbekistan, Silkroad Innovation Hub және Alchemist Accelerator ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан мен Өзбекстанның цифрландыру министрліктері мен венчурлік қорларының қолдауымен AlchemistX & Silicon Valley Residency Program бағдарламасының екінші легінің басталғанын хабарлайды. Бағдарлама Орталық Еуразиядағы стартаптарға АҚШ нарығына жедел шығуға және жаһандық технологиялық индустрияның жетекші өкілдерімен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.