«AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанаты бизнеспен бірлесіп IT саласының және Жасанды интеллектінің перспективаларын талқылады

Астанада «Alem.ai» Халықаралық Жасанды интеллект орталығы алаңында «AMANAT» партиясы Кәсіпкерлер қанатының IT-қауымдастығымен және бизнес өкілдермен кездесуі өтті. Іс-шарада Мәжіліс депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші технологиялық компаниялардың жетекшілері, банк секторының, телекоммуникация операторларның өкілдері мен IT-кәсіпкерлер бір алаңда бас қосты. Жалпы саны шамамен 440 адам жиналды. Кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қатысты, сондай-ақ өңірлер бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды. Қатысушылар цифрландыруды, ЖИ-ді дамыту және Қазақстанның заманауи цифрлық экономикасын қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыс перспективаларын талқылады.