Постты
Іс-шараны
Вакансияны
Технологиялық тапсырманы
Инфрақұрылымды
Бастаманы
Цифрлық ғылыми порталдағы бірыңғай цифрлық ғылыми-техникалық база
Astana Hub
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды.
Стартаптарға арналған Sales Bootcamp — Astana Hub ұсынған 8 апталық қарқынды бағдарламаға өтінім қабылдау 13 шілдеге дейін жалғасады.
2025 жылғы 26–28 шілде аралығында Шанхай қаласында Азиядағы ең ірі технологиялық алаңдардың бірі – World Artificial Intelligence Conference (WAIC) өтеді. Аталған жаһандық форум әлемнің түкпір-түкпірінен индустрия көшбасшыларын, мемлекеттік органдар өкілдерін және инновациялық компанияларды біріктіреді. Биыл қазақстандық делегация форумға ресми түрде қатыспақ.
Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллектке (ЖИ) арналған толыққанды экожүйе құрылып жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Digital Business басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының құрылымы мен басты бағыттары жайында жан-жақты баяндап берді.
Халықаралық деңгейде өткен ауқымды онлайн-хакатон — Decentrathon 3.0 өз мәресіне жетті. Іс-шараға 19 елден 2600-ден астам қатысушы қосылып, үш күн ішінде 1300 команда жасанды интеллект, автоматтандыру және геймдизайн салалары бойынша 500-ден астам шешім әзірледі. Жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрады.
Telegram Орталық Азиядағы жетекші инновациялық кластер – Astana Hub-тың қатысушысы мәртебесін алды.
17 маусым күні Қазақстан мен Әзербайжан алғаш рет бірлесіп INMerge Almaty форумын өткізді. Аталған іс-шара екі ел арасындағы жаңа әріптестік стратегиясының негізін қалаған маңызды бастама болды. Ал Al-Farabi Innovation Hub (Қазақстан) пен SABAH.HUB (Әзербайжан) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы форум аясындағы басты оқиғалардың біріне айналды.
Astana Hub жастар мен әйелдерге практикалық IT-дағдыларды игеруге көмектесетін білім беру бағдарламаларын белсенді дамытып жатыр. Технопаркте әйелдер ІТ-стартаптарының өсуі байқалады. Егер 2023 жылы мұндай 179 компания болса, биыл 300-ден астам компания бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушысы Валерия Тё хабарлады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған делегация Astana Hub-қа келді.
Бүгін Алматыда Central Eurasian Venture Forum (CEVF) өз жұмысын бастады. Бұл форум – Орталық Еуразиядағы стартаптар мен инвесторлар үшін маңызды оқиға. Іс-шара The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде өтуде. Astana Hub форумның титулдық серіктесі атанды.
Халықаралық Meet the Drapers стартап-шоуының 7-маусымындағы финалы Investbanq WealthTech-жобасы үшін маңызды кезең болды. Жеті жеңімпаздың қатарына енген команда қаржы институттары мен отбасы кеңселеріне арналған жаңа буындағы капиталды басқару платформасын таныстырды.
Ең ірі онлайн-хакатон табысты аяқталды: 1349 команда 16 миллион теңге жүлде қоры үшін жарысқа түсті.
Оқу жылының аяқталуына орай Astana Hub білім саласына заманауи EdTech-шешімдер енгізіп жүрген отандық стартаптар топтамасын ұсынады. Бұл цифрлық құралдар оқу процесін жаңғыртып, оқушылар, студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Үздік жобалар бүгінде елімізде де, шетелде де зор сұранысқа ие болып, білім беру жүйесін уақыт талабына сай түрлендіруге үлес қосып келеді.
GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan атты форум 2026 жылдың 2-4 маусымында Астанада өтеді. Іс-шараны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub-пен серіктестікте ұйымдастырады. GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan дәстүрлі іс-шараға айналады. Форумды өткізу жаһандық GITEX қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
23–25 мамыр аралығында Қазақстандағы ең ірі ұлттық хакатондардың бірі – Decentrathon 3.0 өтеді. Биыл алғаш рет бұл іс-шара толықтай онлайн форматта ұйымдастырылады. Осылайша, өңірі, жасы немесе тәжірибесіне қарамастан, кез келген адам бақ сынай алады.
Astana Hub қатысушысы – proptech-стартап ApartX тұрғын үйін жалға беретін азаматтар үшін платформалық жұмыспен қамту тетігін енгізді. Енді пәтерін стартаптың сервисі арқылы жалға беретіндер қызметін бірнеше қадаммен ресми тіркеп, бухгалтерге жүгінбей, декларация тапсырмай-ақ жүргізе алады.
2025 жылдың басынан бері Қазақстанның 80 мыңнан астам азаматы IT және жасанды интеллект (AI) саласындағы негізгі бағыттар бойынша оқуға қатысты. Astana Hub Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырып жатқан тегін білім беру бағдарламалары заманауи IT-дағдыларды үйрету және болашақ экономикасына қажетті мамандар даярлау ісінде мемлекеттік саясаттың маңызды құралына айналды.
Astana Hub салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетеді. Осындай іс-шаралардың бірі – 1 маусымда елордада өтетін Astana Half Marathon.
Astana Hub-та жасанды интеллект (AI) саласындағы стартаптарды дамытуға арналған алғашқы қазақстандық акселераторлардың бірі – AI’preneurs бағдарламасының екінші легі басталды. Бағдарлама IT-кәсіпкерлер, инноваторлар мен салалық мамандар арасында қызығушылық тудырды: 2025 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен 360 өтінім қабылданды.
Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға ресми сапары аясында Presight компаниясының Астанадағы шетелдік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.
ИИН:
Продолжая, Вы принимаете условия и предложения AstanaHub
Пройдите по ссылке, которую мы отправили Вам на почту , для завершения регистрации
Жүйеге кіру кезінде пайдаланылатын жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Введите новый номер телефона, который будет использоваться при авторизации в системе
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін, сілтеме алатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Біз сізге жіберген сілтеме бойынша өтіңіз
Поздравляем, вы успешно зарегистрированы на платформе astanahub.com
Себебі сіз парольді і реттен артық қате еңгіздіңіз
Кем дегенде 8 таңба
A-Z бас әріптері
Кіші әріптер a-z
Бір Сан
Бір арнайы таңба
Тіркеу аяқталғаннан кейін біз сізді Astana Hub экожүйесіндегі желіге қосылу үшін автоматты түрде «Нетворкинг» бөліміне қосамыз.
«Нетворкинг» бөлімі желіні дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие