OES арқылы онлайн емтихандар әділ және ашық өтеді
Емтихандар әділ өтуі үшін бүкіл әлемде тестілеуді онлайн түрде бақылауға мүмкіндік беретін прокторинг жүйелері (бақылау жүйелері) әзірлене бастады. Атап айтқанда, мұндай жүйелер емтихан алушының жеке басын растауға, компьютерде басқа бағдарлама пайдаланылмауын қадағалауға, екінші экранды қосуға және немқұрайлы әрі қу студенттер қолдана алатын басқа да амалдарды анықтауға қабілетті.